Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ ақтөбеліктің 275 мың теңгесін иемденіп алды

Айласын асырған алаяқ ақтөбеліктің 275 мың теңгесін иемденіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алаяқтардың ақшаны ұрлап кетуі көп жағдайда қымбат мүлікті сатып алу, сату мәмілесі кезінде болады. Олар үнемі заманауи шындыққа бейімделіп, алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табады.

Мысалы, 25 қыркүйек күні белгісіз адам ОLХ сайты арқылы 500 А4 форматындағы қағазды сату сылтауымен 31 жастағы ақтөбелікке тиесілі 275 мың теңге қаражатын иемденген. Жәбірленуші ақшаны алаяқ көрсеткен Qiwi әмиянға аударған.

Тағы басқа дерек бойынша WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы хат алмасып, Ақтөбе қаласының тұрғыны бұрын ОLХ хабарландыру сайты арқылы сатуға қойған пианиноны сатып алу сылтауымен банк картасының деректемелерін иемденіп, 15 мың теңге ақшалай қаражатын иемденген.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды және күдікті адамдарды анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру