Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада алаяқ әйел тұрғынның 300 мың теңгесін иемденіп алған

Қызылордада алаяқ әйел тұрғынның 300 мың теңгесін иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz

28 қыркүйек күні Қызылорда қаласы Полиция басқармасына облыс тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданған. Күдікті тамыз айында жәбірленушінің сеніміне кіріп, несие тарихын жақсартып, несие алып беремін деп 300 мың теңге ақшасын алдап алған. Ақшаны алғаннан кейін ақшаны да қайтармаған, уәдесінде де орындамаған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азаматша ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай жәбірленушіден алған ақшаны өз пайдасына жұмсап жіберген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру