Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында үш жыл бойы полициядан жасырынған шетелдік ұсталды

Қостанай облысында үш жылдан астам уақыт полициядан жасырынған шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында “Нелегал” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Операцияны жүргізген 4 күн ішінде елден 11 шетелдік шығарылды. Облыстың 100-ден астам тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар ішкі істер органдарына шетелдіктердің тұрып жатқаны туралы мәлімет бермеген.

Полицейлер Нигерия елінің азаматын ұстады. Ер адам ішкі істер органдарынан 3 жылдан астам уақыт жасырынған. Осы уақыт ішінде шетелдік азамат елден шығару туралы соттың шешімін орындамай, Қазақстанның әртүрлі қалаларын мекен етіп келген.

Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотымен оған жүріп-тұру бостандығын алдын ала шектеу шаралары қолданылды. Ер адам алдағы уақытта мәжбүрлеп шығару үшін арнайы қабылдағышқа орналастырылды.

– Облыстық бюджеттен көзделген қаражатпен Алматы-Доха әуе қатынасы арқылы билеттер сатып алынды. Полиция қызметкерлері шетелдік құқық бұзушыны Алматы қаласының әуежайына алып барды, – дейді облыс ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дутпаев.

Айта кетейік, заң жүзінде бұзушыға 5 жыл ішінде елге кіруге тыйым салынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру