Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер моншада қымбат телефон ұрлаған күдіктіні ұстады

Жамбылдық полицейлер моншада қымбат телефон ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қазанда полиция бөліміне Тараздың  мөлтек ауданындағы моншадан ұялы телефондарды ұрлау туралы шақыру келіп түсті. Қылмыс орнына келген полиция қызметкерлері сағат 22:30-да белгісіз адам киім ауыстыратын бөлмедегі екі шкафтан жалпы құны 555 мың теңге тұратын үш телефонды ұрлап кеткенін анықтады.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тараз қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Жуалы ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты,  сол күні моншада жәбірленушілермен бірге шомылған, телефондарын шкафқа салғанын көрген. Ер адам өз кінәсін  толығымен мойындады және ұрлыққа жеке қажеттіліктері үшін ақша керек болғандықтан барғаны айтқан.

Ұялы телефондар иелеріне қайтарылды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру