Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйел өзін жарақаттағаны үшін сотталған ғашығымен некелесті

Қызылордада әйел өзін жарақаттағаны үшін сотталған ғашығымен некелесті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда облысы ҚАЖД-ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде әртүрлі қылмыс жасап түскендер ұсталынуда. Соның бірі ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен сотталған азамат. Сотталған бұл қылмысын әйелді қатты сүйгендіктен жасағандығын айтып ақтарылды.

– Мен оны бұрынғы өміріне қарамастан, сүйіп қалдым. Сүйген адам кешірімді келеді дейді. Бірақ сол күні ғашығымның өзге еркекпен саунаға кіріп бара жатқанын көріп, ашудан өз-өзімді ұстай алмай, қызғаныштан қылмыс жасадым. Қылмыстың өтеуі – жаза. Енді сегіз жылымды темірторда өткіземін. Сондықтан онымен жиі кездесіп тұру мақсатында өтінішіміз негізінде мекеме заңгерінің көмегімен неке куәлігін алдық. Енді ол менің заңды некедегі әйелім. Ол мені кешіріп, менімен тағдырын қосты. Бұл менің бостандыққа шығуға деген үмітімді арттырады. Өкінішке қарай, жақын деген адамдарым, арбаға таңулы мүгедек әкем мен жанашыр анам және жеті бауырым өзімнен 14 жас үлкен әйелмен байланысып, қылмысқа тартылғандығым үшін маған өкпелі – дейді өкінішті үнмен 22 жастағы Н. есімді сотталған.

Өзінен үлкен адамға ғашық болып, махаббаты үшін жазаға тартылған қылмыскер енді жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтейді. Әзірге тән жарақатын алған әйелі қамаудағы сүйіктісіне сәлем-сауқат тасып, жанашырлық танытып, жан жарасын емдеп жүр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру