Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицей Теміртау тұрғынының пәтеріндегі жарықтың ақауын қалпына келтірді

Полицей Теміртау тұрғынының пәтеріндегі жарықтың ақауын қалпына келтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz

29 қазанда Қарағанды облысы Теміртау қаласы ПБ-ға сағат 15:00 шамасында Мира даңғылы бойындағы көпқабатты үйде тұратын әйелден отбасылық жанжал жөнінде хабарлама келіп түсті. Қоңырауға кезекшіліктегі учаскелік инспектор Рауан Уразбеков жауап берді.

– Мен хабарлама түскен мекенжайға келгенде, отағасы уйден кетіп қалған екен. Әйелдің айтуынша, ол мас күйінде үйге келгенде әйелі қарсыластық танытып, оған есік ашпаған. Ер адам әйелі кіргізбегені үшін кек алмақ болып, электр қалқанындағы орама сымды суырып, подъезден шығып кеткен. Соның салдарынан пәтер жарықсыз қалған. Әйелі электрик шақырғанымен олар ұзақ уақыт келмеген. Сол кезде ол менен ақауды жоюды тырысып көруімді өтінді. Мен қалқанды ашқанда сымнын суырылып жатқанын байқадым. Оны тазалап, пакеттік қосқышқа жалғаған бетте пәтерде жарық қосылды,- дейді Р.Уразбеков.

Пәтер иесі учаскелік инспекторға өз алғысын білдірді. Ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Отағасы бұдан былай әйеліне жанжал шығармайтынына және өзің дұрыс ұстайтынына сөз берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру