Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жанармай құю бекетінде ұялы телефонды қолды еткен қызылордалық жігіт ұсталды

Жанармай құю бекетінде ұялы телефонды қолды еткен қызылордалық жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қазан күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынынан ұялы телефон ұрланғаны туралы арыз түсті.

Арызданушының айтуы бойынша, Шымкент-Самара тас жолындағы жанармай құю бекетінде жұмыста тұрған кезінде сөреден «Айфон 11» ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 380 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері телефон ұрлығын жасаған 43 жастағы күдіктіні ұстады.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру