Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жанармай құю бекетінің қызметкері өз әріптесінің ақшасы мен телефонын ұрлады

Нұр-Сұлтанда полицейлер өз әріптесін тонаған жанармай құю бекетінің қызметкерін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияға арызданып, ақшасы мен Samsung ұялы телефонының ұрланғаны туралы хабарлады.

Сағат 10.00-де жәбірленуші мен оның әріптесі жанармай құю бекетінде ішімдік ішкені анықталды. Ер адамның ұйықтап қалғанын пайдаланып, күдікті оның әмиянынан 20 мың теңге көлемінде қаражат пен ұялы телефонын ұрлаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру