Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа ауланған балықтарды құжатсыз тасымалдаған адамға қатысты іс тергелуде

Көлік жүргізушісі Қарағандыға заңсыз аулаған балықты жеткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 28 қыркүйекте сағат шамамен 03.00-де Қарағанды облысының ПД патрульдік полициясы батальоны қызметкерлері Бұқар жырау ауданы аумағында орналасқан «Қарағанды – Аягөз» тасжолы бөлігінде Қарағанды қаласына бара жатқан көлікке назар аударды. Келе жатқан көлік шегіне дейін артылғаны көрініп тұрды.

Машинаның іші-сырты қапқа тиелген жаңа ауланған балықты полицейлер көліктен анықтады. Рөлдегі 38 жастағы жүргізушіде балыққа қажетті құжаттар жоқ.

Көлік жүргізушісі балықты қайдан алғанын полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру