Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңадан қабылданған жас мамандарға арнайы сабақ өтті

Тараз қаласында жаңадан қабылданған жас мамандарғa арнайы сабақ өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы полиция басқармасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Тулебаевтың қатысуымен «Ішкі істер органдары қызметкерлері бойында парасаттылық пен адалдық қағидаларын сіңіру» тақырыбында арнайы сабақ жүргізілді.

Ішкі істер органдары қызметкерлері мен жаңадан қабылданған жас мамандардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға және олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне арнайы тоқталып, полиция қызметкерлерін халықпен қарым-қатынасы кезінде аса сыпайылық таныта отырып, өзінің парасаттылығын танытуға шақырды.

Жиынды қорытындылай келе, Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Семейхан Сексенбаев осындай кездесудің жалғасын табатындығына үміт арта отырып, жеке құрамды Сыбайлас жемқорлық пен қызметтік тәртіпті бұзуға жол бермеуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру