Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен бөлісті

Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері “Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға рұқсат беру” мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері – көрсетілетін қызметті беруші және “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz (Е-лицензиялау).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі -15 жұмыс күні. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері – айлық есептік көрсеткіштің елу пайызы.

Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы, көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 108-1/у нысаны бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі);
– қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруден өткені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
– жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергені үшін мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу пайызы;
– Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16463 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган белгілеген аңшы куәлігінің көшірмесі (бұдан әрі-куәлік) – №60 бұйрық), аңшы куәлігін электрондық түрде берген жағдайда, азаматтардың өзін-өзі қорғау мақсатында алып жүру құқығынсыз сатып алатын қаруды қоспағанда, мәліметтер нысанында көрсетіледі;
– қаруды нақты тұрғылықты жері бойынша сақтау шарттары болмаған жағдайда (ол болған кезде) орталықтандырылған сақтау пункттерінде қаруды сақтауға арналған шарттың электрондық көшірмесі.

Жамбыл облысы ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы мына мекен-жайда орналасқан: Тараз қаласы, Пушкин көшесі, №43, 8 (72 62) 43-33-72.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру