Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңаөзен моншаларында 9 жезөкше ұсталды

Жаңаөзен моншаларында тоғыз жезөкше ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 7 мамырында Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері «жеңіл жүрісті» тоғыз қызды ұстады. Олар моншалардың клиенттеріне ақылы қызмет көрсеткен.

Полиция қыздарды бөлімге жеткізді.

Белгілі болғандай, жасы 18-ден 39 жасқа дейінгі жезөкшелер Жаңаөзен қаласына Шымкент пен Тараздан ақша табу үшін келген.

Полиция оларды ҚР ӘҚБтК-нің 449 және 492-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ал әкімшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ, қыздар құқық қорғау органдарында есепке қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру