Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазғы демалыс қарсаңында Алматы полициясы балалардың қауіпсіздігі шараларын күшейтуге шақырады

Жазғы демалыс қарсаңында Алматы полициясы балалардың қауіпсіздігі шараларын күшейтуге шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 12 мен 14 мамыр аралығында балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу мақсатында Алматы аумағында “Назар аударыңыз, балалар!” жедел-алдын-алу іс-шарасын өткізу жоспарлануда.

– Кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында осы күндері онлайн алаңдар арқылы біз қаланың орта мектептерінде түсіндіру жұмыстарын күшейтіп жатырмыз. Сонымен қатар, мүдделі қызметтермен бірге жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелерде, қосымша білім беру ұйымдарында және оған іргелес аумақта жол желісінің пайдалану жағдайына және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарына шолу жасалады, оның нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға жаяу жүргінші балалардың қозғалысы үшін қауіпсіз жол жағдайларын жасау бойынша ұсыныстар жіберіледі. Сондай-ақ, балалардың қатысуымен болатын жергілікті апаттық орындарға талдау жасалады, соған сәйкес полиция нарядтарының посттары мен патрульдеу бағыттары көрсетілген аймақтағы қоғамдық тәртіпті қорғауға және ЖЖЕ өрескел бұзушылықтарды анықтауға бағытталады, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Анықтама үшін: 2021 жылдың төрт айында Алматы қаласында балалардың қатысуымен 168 жол-көлік оқиғасы тіркелді, өлім болған жоқ, 187 бала жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру