Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жыл басынан бері 100-ден астам балықшы жазаланды

Павлодар облысында жыл басынан бері жүзден астам балықшы жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Өңірдің полиция қызметкерлері балық аулау ережелерін бұзуды анықтау және алдын алу бойынша іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

– Аққулы ауданының полицейлері Малыбай ауылдық округінің Малыбай ауылының маңында рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде “Mitsubishi Mirage” маркалы автокөлігін тоқтатты. Салонда үш ауыл тұрғыны болды. Тексеру кезінде багаж бөлімшесінде резеңке қайық, балық аулау торлары және әр түрлі балық табылды. Үш құқықбұзушыға қатысты балық аулау ережелерін өрескел бұзу фактісі ҚР ӘҚБК 383-бабы 3-бөлігі (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деді Павлодар облысы Аққулы ауданы полиция бөлімінің бастығы Тасқын Бодиев.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының полиция қызметкерлері балық аулау ережелерін бұзудың 122 фактісін анықтады, оның ішінде Аққулы ауданында сегіз фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру