Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері жоғалған 5 жастағы баланы тауып, ата-анасына табыстады

Қызылорда полицейлері жоғалған бес жастағы баланы тауып, ата-анасына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.Қызылорда ПД-не жергілікті тұрғын бес жастағы баласын үй маңында ойнап жүріп, қайта үйіне оралмағаны туралы хабарлады. Жоғалған баланы табуға ПБ-ның жеке құрамы мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Полицейлер қала ішін көліктерімен аралап, учаскелік полиция инспекторлары көшелердің арасындағы қуыстардың барлығын түгелімен тінтіді. Осылайша жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде бүлдіршін бір сағаттың ішінде табылды. Тәртіп сақшылары баланы аман-есен тауып, ата-анасына табыстады.

– Кішкентай баламның үйдің жанында ойнап жүрген жерінен таба алмай қалдық. Өзіміз жақын жерлердің барлығын іздедік, көршілерден сұрадық. Ешкім көрмегенін айтты. Содан соң бірден полицияға хабар бердік. Олар тез арада келіп, іздестіруді бастап кетті. Баламызды аман-есен тауып берген полицейлерге алғысым шексіз, – деді анасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру