Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер “102” мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады

Шымкенттік полицейлер “102” мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап Полиция департаментінде халыққа ыңғайлы жаңа сервис “102” мобильді қосымшасы іске қосылды.

Қосымшаны кез-келген мобильді құрылғыға AppStore немесе PlayMarket арқылы жүктеуге болады.

“102” мобильді қосымшаның көмегімен азаматтар полицияға кез-келген құқық бұзушылық туралы аудио және видео қоңыраулар арқылы хабарлама жібере алады.

 

102 операторы қоңырау шалушының орналасқан жерін және ұялы телефон камерасы арқылы қоршаған ортаны автоматты түрде көреді, сондай-ақ оқиғаға шұғыл әрекет ету және көмек көрсету шараларын қабылдай алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру