Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңаөзенде “Борышкер” іс-шарасы аясында 2 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді

Жаңаөзенде “Борышкер” іс-шарасы аясында өткен аптада 2 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жаңаөзен қаласы аумағында әр аптаның бейсенбі, жұма, сенбі күндері полиция қызметкерлері прокуратура және жеке сот орындаушыларымен бірлесе “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Бұл шараны апта сайын өткізуді жаңаөзендік полицейлер жыл басынан бері ұйымдастырып келеді.

Өткен аптада 410 әкімшілік қаулыға 3,1 млн теңгеден астам айыппұл салынса, оның 2 млн теңгеден астамы өндірілген. Соңғы аптада 72 борышкердің қаулылары мәжбүрлеп өндіру үшін жеке сот орындаушыларына жолданып, 1 борышкердің автокөлігі айыптұраққа жабылды.

Жаңаөзендік полицейлер айыппұлы бар борышкерлерден айыппұлдарын уақытылы төлеулерін сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру