Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңаөзенде теолог мамандар есептегі сотталғандармен сұхбаттасты

Жаңаөзенде теолог мамандар есептегі сотталғандармен сұхбаттасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Жаңаөзен қалалық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар теологтармен кездесті. Терроризм мен экстремизм баптарымен сотталғандармен Қоғамдық даму орталығының теолог мамандары сұхбаттасты.

Экстремизм – бұл қоғамдық-саяси жүйенің идеологиялық және институционалдық негіздерін жоққа шығаратын және заңды конституциялық тәртіпті тез арада күштеп өзгертуге шақыратын түбегейлі идеяларға негізделген саяси тәжірибе.

– Жат ағымның жетегінде жүргендерді теологиялық сауаттандыру жұмысы ұзақ мерзімді талап етеді. Терроризмге және экстремизмге қарсы тұру – бұл әлемде құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бағыты, – дейді қалалық пробация қызметінің бастығы Сарсенхан Малыбеков.

Теологтардың айтуынша, жүзбе-жүз кездесулер адамдардың ашық сұрақ қойып, еркін ой бөлісулеріне септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру