Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі сотталған қамауға алынды

СҚО-да жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі сотталған қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотпен 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған. Пробация қызметі бөлімінде 2021 жылдың қазан айынан бастап есепте тұр.

Тайынша аудандық соты “К” есімді сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы пробация қызметінің ұсынысын қарады.

Мәселен, сотталған “К” жазасын өтеу тәртібі туралы тиісінше хабардар етіле отырып, бірнеше рет тіркеуге келген жоқ, тексеру барысында тұрғылықты жері бойынша болмады, сондай-ақ жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке кіріспеді, яғни оған сот жүктеген міндеттерді орындамады. Оның атына шектеулерді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы бірнеше рет ескерту жасалды, бірақ сотталған оларға жауап бермеді. Осыған байланысты Тайынша ауданының пробация қызметі соттан бас бостандығын шектеуге сотталған адамға жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыруды сұрады. ҚР ҚК 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес бас бостандығын шектеуді өтеуден қасақана жалтарған жағдайда, оның өтелмеген мерзімі бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

Сотталған жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзу фактілерін толық мойындады. Сот іс материалдарын зерттеп, пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны 1 жыл 6 ай 4 күн өтелмеген бас бостандығынан айыруға ауыстырды.
Сотталған қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

2022 жылы бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен шарттарын қасақана бұзғаны үшін 17 сотталған бас бостандығынан айырылды, 2021 жылы бұл сан – 135-ті құрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру