Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңаөзенде Ұлттық ұлан сарбаздары өрт шалған сауда үйінен әйелді құтқарды

Жаңаөзенде Ұлттық ұлан сарбаздары
өрт шалған сауда үйінен әйелді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңаөзенде қаласындағы 5548 әскери бөлімінің тәртіп сақшылары көшелерді патрульдеу кезінде қалада орналасқан сауда үйлерінің бірінде пайда болған өртті сөндіруге көмектесіп, әйел адамды өрттен құтқарды.

Оқиға 9 қыркүйекте түнгі сағат тілі 23:40 шамасында болды. Сол күні Ұлттық ұланның Жаңаөзен қаласында орналасқан 5548 әскери бөлімінің сарбаздары күнделікті өздерінің жауынгерлік қызметтерін атқарды. Әскери жасақ бастығы қатардағы Жамбыл Жақсылықов өзіне берілген аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында “Алтын дән” сауда үйінің жанып жатқанын байқап қалып, әскери жасақ кезекшісі Бек Байбосыновқа баяндайды.

Осы сәтте әскери жасақ кезекшісі Бек жылдап шешім қабылдап, осы аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери топ бастығы Дамир Күнболатовқа болған оқиғамен хабардар етіп, оқиға орнына тез жетуге бұйрық береді де өзі де көмекке төтенше жағдай орнына асығады.

Оқиға орнына келіп өрт сөндіруші қызметкерлері келгенге дейін әскери жасақтар күшімен “Алтын дән” сауда үйін қоршауға алып, сауда үйінің ішіне кіріп, ғимараттың ішіне іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде сауда үйінің басшысы 45 жастағы әйелді қауіпсіз жерге алып шығып, өрт сөндіруге көмектеседі.

– Біз Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, қандай жағдай болмасын халыққа көмек көрсетуге әрқашанда дайынбыз. Әскери қызметші болғандықтан. Әскерилердің міндеті – бейбіт азаматтарды қорғау. Бұл біздің басты парызымыз деп білемін. Орын алған төтенше жағдайды ести сала ұзақ ойланбастан, жақын аймақта орналасқан әскери жасақтарды жинап, өртті сөндірумен, бейбіт азаматтарға көмектесуге асықтық. Бұл біздің жасаған ерлігіміз емес күнделікті қызыметіміз деп білемін, – деді Байбосынов.

Қазіргі таңда төтенше жағдай қызметкерлері өрттің шығу себептерін анықтауда.

Жауап қалдыру