Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жарма ауданында ұры асыл тұқымды малды сатып жіберді

Жарма ауданында ұры асыл тұқымды малды сатып жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың сәуір айының соңында Жарма АПБ Шар қ. ПБ шаруа қожалықтарының бірінің басшысы 2021 жылдың 15-16 сәуіріне қараған түні шаруа қожалығының маңында еркін жайылып жүрген белгісіз адамдар құны 700 мың теңге тұратын бір бас ірі қара – бұқаны ұрлап кеткендігі туралы өтініш білдірді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 27 жастағы ауыл тұрғыны мал ұрлығына әшкереленді. Тергеу әрекеттері барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру