Жарма ауданының тұрғынынан есірткі орамы тәркіленді
Жарма ауданы ПБ қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ өткізу барысында Қалбатау ауылының 33 жастағы ер адамнан қоңыр-жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік тектес заттары бар қағаз орамы табылып тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсталған адам аталған орамды тауып алып, өзіне қалдырам деп шешім қабылдағанын жеткізген.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат жалпы салмағы 2,12 грамм болатын кептірілген марихуана екендігін көрсетті.
Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.