Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жарма ауданының тұрғынынан есірткі орамы тәркіленді

Жарма ауданы ПБ қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ өткізу барысында Қалбатау ауылының 33 жастағы ер адамнан қоңыр-жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік тектес заттары бар қағаз орамы табылып тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталған адам аталған орамды тауып алып, өзіне қалдырам деп шешім қабылдағанын жеткізген.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат жалпы салмағы 2,12 грамм болатын кептірілген марихуана екендігін көрсетті.

Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру