Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Жасөспірім": Ақтөбе облысында 49 бала есепке қойылды

Ақтөбе облысында "Жасөспірім" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын сату фактілерінің жолын кесу мақсатында облыс аумағында ағымдағы жылғы 13-19 қыркүйек аралығында "Жасөспірім" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында тұрғылықты жері бойынша жасөспірімдермен және қолайсыз отбасылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл бағыттағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады.

"Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің екі күні ішінде түнгі уақытта заңды өкілсіз тұрғын үйден тыс жерде болған 167 жасөспірім анықталды, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын 31 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 49 кәмелетке толмаған және 50 қолайсыз отбасы есепке қойылды.

- Құрметті ата-аналар, Сіздерді балаларыңызды, олардың бос уақытын, қарым-қатынас ортасын тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етуге шақырамын. Есіңізде болсын, Сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігі ең алдымен Сізге байланысты!, - деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру