Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр

1-12 маусым аралығында кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін қорғау және қорғауды қамтамасыз ету мақсатында және «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн күрес» Республикалық ұлттық-ақпараттық науқаны аясында Ақтөбе облысының Полиция департаменті «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты-балалар еңбегін пайдалану фактілерін анықтау, кәмелетке толмағандар арасында да, оларға қатысты да құқық бұзушылықтың алдын алу.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастардың жаппай жиналатын орындарында, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізіп жатыр. Ұйымдар мен объектілерді (ТҚС, Автожуу, құрылыс объектілері және т.б.) тексеру жүргізіледі.

Бірінші күні қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне барлығы 74 кәмелетке толмағандар жеткізілді. Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін 23.00-ден 06.00-ге дейін – 71.

Жасөспірімідерді уақытша бейімдеу орталығына екі бала орналастырылған. 150-ден астам кәсіпкерлік объектілері тексерілді, оның ішінде 28 құрылыс нысаны, 39 ТҚС, 29 көлік жуу, 40 дәмхана, 15 базар. Нәтижесінде, бала еңбегін пайдаланудың үш фактісі анықталды. 19 кәмелетке толмаған және 15 қолайсыз отбасы есепке алынды.

1 маусым күні Ақтөбе қаласында орналасқан көлік жуу орнында үш кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды,олардың бірі – 9 сынып оқушысы, екеуі – 11 сынып оқушылары.

Хромтау қаласында сағат 22.10-да кафеде 2003 жылы туылған Ақжар орта мектебінің оқушысы официант болып жұмыс істегендігі анықталды. Заңды өкілге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. «Азия» кафесінің жеке кәсіпкеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабының 1-бөлігімен шаралар қолданылды.

Анықталған фактілер бойынша ескертулер беріліп, еңбек инспекциясына өтініш жолданды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру