"Жасөспірім" ЖПІШ: Қызылордада 30 ата-ана жауапкершілікке тартылды
Қызылордада "Жасөспірім" алдын алу іс-шарасының 4 күнінде балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған 30 ата-ана жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордада "Жасөспірім" алдын алу іс-шарасының 4 күнінде балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған 30 ата-ана жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде төрт күнде 264 түрлі әкімшілік хаттама рәсімделсе, төрт жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды, қадағалаусыз және панасыз қалған екі жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша ата-аналар мен өзге де заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына қатысты 30 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша алты дерек, 423-1-бабы бойынша бір факт, 434-2-бабы бойынша үш жайт, 435-бабымен жеті құқықбұзушылық анықталып, заңды өкілдерге тиісті әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 437-бабымен бір дерек, 449-бап бойынша үш кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша 211 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне хаттама толтырылды. Сонымен бірге балаларын тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі міндеттерін орындамаған, сондай-ақ олардың мінез-құлқына кері әсер ететін ата-аналар мен заңды өкілдер қатарынан 10 адам профилактикалық есепке алынды.
Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр.