Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу – ІІО қызметінің маңызды бағыты
Балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ІІМ-нің негізгі міндеттерінің бірі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесуге Zoom арқылы облыстық полиция департаменттері бастықтарының бірінші орынбасарлары, жергілікті полиция қызметінің басшылары, учаскелік полиция қызметкерлері және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар қосылды.
Балаларға қарсы жасалатын заңға қайшы іс-қимылдардың алдын алу үшін ішкі істер органдары үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн.
Әр мектепке полиция қызметкерлері бекітілген. Олардың саны ел бойынша 6,5 мыңнан асады. Бүгінгі таңда алдын алу шараларымен полиция органдарының есебінде тұрған 5 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала және 7 мыңға жуық ата-ана қамтылған. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша білім беру ұйымдарымен бірлескен шаралар өткізілді.
Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында болғаны үшін 72 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ойын-сауық орындарының 1,2 мыңнан астам иелері жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл көтеру мекемелерінде болуына жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ балалардың жолдағы жарақатын азайту үшін патрульдік полиция қызметтерінің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы күшейтілді.