Жасөспірімдер аулада тұрған тұрғынның көлігін айдап кеткен
Балқаш полицейлері көлікті айдап кеткен жасөспірімдерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қыркүйекте Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Айтуынша, Бейбітшілік көшесінде көп қабатты үйдің ауласында тұрған көлікті біреулер айдап кеткен. Шығын 500 мың теңгені құрайды.
Отыз минут ішінде патрульдік полиция қызметкерлері айдап кеткен автомашинаны Ленин көшесінен тапты. Куәлердің айтуы бойынша машинада жастар болды. Көпке ұзамай, полицейлер оларды да ұстады. Күдіктілер, 16 және 17 жастағы жасөспірімдер болып шықты. Өздерінің жастарына қарамастан, олар бұрын әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілікке тартылған. Айдап кетушілердің сөзінен, жай қыдыруға мінген.
ҚР ҚК 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізілуде.