Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Белгісіз біреу әйелдің үйіне кіріп, зергерлік бұйымдарын ұрлап кетті

Жезқазған полицейлері 1 млн 300 мың теңгелік зергерлік бұйымдардың ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ 52 жастағы қала тұрғыны арызданды. Әйелдің айтуынша, үйіне белгісіз біреулер кіріп, зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен. Шығын сомасы 1 млн 300 мың теңгені құрады.

Ұрлық үй тұрғындары жоқ кезде сағат 12.00-ден 18.30 аралығында болғаны анықталды. Оқиға орнын қарау кезінде, полицейлер қаскүнемнің үйге терезе арқылы кіргенін анықтады. Сонымен бірге, аулада байлауда тұрған ит, қылмыскерді үркітпеген. Жануар танитын адам болғаны анық.

Жәбірленуші танитын азаматтардың тізімін полицейлер құрды. Тізімде бұрын мүліктік қылмыстар үшін сотты болған 37 жастағы ер адам да болды. Полицейлер күдіктіні ұстағанда, ұрланған зергерлік бұйымдар үйінен табылды. Қылмыскердің ойында ұрланған бұйымдарды ломбардқа тапсыру болған, бірақ құқық қорғаушылардың әрекеттерінен ойлағаны орындалмады. 

ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру