Жастарды қорғау – басты міндет: Жетісуда студенттер үйінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді
"Заң және тәртіп" тұжырымдамасы аясында Жетісу облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері студенттер үйінде профилактикалық іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесудің басты мақсаты – студенттер үшін қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру, олардың заңға қатысты сауаттылығын арттыру және түрлі қауіп-қатерге дер кезінде әрекет ету жолдарын түсіндіру.
Құқық қорғаушылар жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері туралы айтып, қысым, қорқыту немесе ақша бопсалау белгілері байқалған жағдайда көмек сұраудың маңызын түсіндірді. Университет ректорлары да студенттер үйінің — тұлға, тәртіп және жауапкершілік қалыптасатын ерекше орта екенін атап өтті. Сондықтан жастармен жұмыс — үздіксіз назар мен қолдауды қажет ететін бағыт.
