Жасыл желектерді зақымдау деректері анықталды
Тараз қаласының полицейлері абаттандыру ережелерін бұзу және жасыл желектерді зақымдау деректерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының табиғат қорғау полициясы қызметкерлері Тараз қаласының Қойгелді көшесінің бойында орын алған абаттандыру ережелерін бұзу және қалалар мен елді мекендердің жасыл желектерін зақымдау деректерін анықтады, бұл факт бойынша кінәлі тұлғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.