Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер сақтық шаралары туралы ескертеді

Жамбылдық полицейлер қыс мезгілінде жолдардағы сақтық шаралары туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қысқы маусым басталысымен жол-техникалық инспекция бөлімшесінің қызметкерлері ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдардың жай-күйіне бақылауды күшейтеді.

Мәселен, жолдарды тазалауға жауапты “Жасыл Ел Тараз” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 40 бірлік тазалау техникасы бар, ол қарды тазалау және құм төсеу үшін пайдаланылады, бұл мекеме жолдардың жай-күйіне жауап береді.

Жергілікті атқарушы органдар бекіткен нұсқаулыққа сәйкес “Жасыл Ел Тараз” ЖШС бес сантиметрден кем емес жауын-шашын жауған кезде жолдарға құм себуге және қардан тазалауға қатысты жұмыстарды бастайды.

Сонымен қатар, мекемеде азаматтардан шағымдар мен өтініштерді қабылдайтын диспетчерлік қызмет жұмыс істейді.

Ең алдымен, көпірлер мен қиылыстарға кірер жолдарға құм себіледі, жауын-шашын басылған кезде қар жинау жұмыстары басталады, өйткені шашыраңқы инертті материал (құм, тұз) сіңіп кетуі керек.

Тараз қаласының Полиция басқармасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қырағы болу қажеттілігі туралы ескертеді, себебі сіздің өміріңіз өз қолыңызда және жол қозғалысы ережелерін сақтау оның сақталуын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру