Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жаяу жүргінші» іс-шарасы: павлодарлық полицейлер мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

«Жаяу жүргінші» іс-шарасы барысында павлодарлық полицейлер мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының барлық аумағында 4-7 ақпан аралығында өткен «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды. Алдын алу іс-шарасының негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігі және олардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының күзетшілері жол төсемдерін, оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелдерін күтіп ұстау бұзушылықтарын анықтау үшін жолдарды тексерді.

Жолдың және ондағы объектілердің көрінуі – қозғалыс қауіпсіздігінің маңызды шарттарының бірі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол жағдайында дұрыс бағдарлану үшін қажетті ақпараттың негізгі бөлігі — көрнекі ақпарат. Шектеулі көріну жағдайында жол апатының ықтималдығы қалыпты жағдайға қарағанда бес-сегіз есе көп.

Мәселен, Павлодар ауданының Мичурин ауылында «Жаяу жүргінші» профилактикалық іс-шарасы аясында Павлодар ауданының полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісін анықтады. Жолдың жүру бөлігінде электровольтті бағаналарда жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл ретте жол белгілері (кедергі объектісі) қойылмады. Жөндеу жұмыстарын жүргізген ұйымға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБК 631-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

– «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері 1085 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Ең көп бұзушылықтарға жаяу жүргіншілердің өздері жол берген, оларға қатысты 473 әкімшілік хаттама қалдырылған. Жаяу жүргіншілерді елемеген 132 жүргізуші де жауапқа тартылды. 122 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Облыс жолдарында патрульдеу кезінде мас күйінде 24 жүргізуші ұсталды. Бұрын басқару құқығынан айырылып, көлік құралдарын басқарған 20 жүргізуші анықталды – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру