Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер бұрынғы әйеліне күш көрсетіп, заттарын алып кеткен шымкенттікті ұстады

Полицейлер бұрынғы әйеліне күш көрсетіп, заттарын алып кеткен шымкенттікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, күндізгі сағат 14:00 шамасында өзінің бұрынғы некедегі күйеуі үйіне келіп, өзінше билік етіп, 190 мың теңге тұратын LG кір жуғыш машинасын, 260 мың теңге тұратын кілемін, сондай-ақ 160 мың теңгені құрайтын Samsung теледидарын заңсыз иемденіп кеткен. Келтірілген шығын көлемі 610 мың теңгені құраған.

Хабарды алған Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, арызданушының 44 жастағы бұрынғы күйеуін қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Айғақты зат ретінде азаматтан өзі иемденген тұрмыстық техникалар тәркіленіп алынып, иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 389-бабымен (Өзінше билік ету) сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру