Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан ШҚО-да 50-ден астам іздеуде болған “көкек әке” анықталды

Жыл басынан ШҚО-да 50-ден астам іздеуде болған “көкек әке” анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күршім ауданының полиция бөліміне жеке сот орындаушысының өзінің кәмелетке толмаған баласын асырауға алимент төлемей жүрген 31 жастағы алимент төлеушіні іздестіруді жариялау туралы қаулысы келіп түсті. Әкесі баласына шамамен 1,5 млн теңге қарыз болған.

Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері қысқа мерзімде Қостанай қаласында алимент төлемеушінің орналасқан жерін анықтады. Ақшалай қаражатты өндіріп алу үшін материал жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберілді.

Жыл басынан бері полицейлер алимент төлеуден жалтарған 50-ден астам адамды анықтады.

Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда ҚР ӘҚБК-нің 669-бабына сәйкес әкімшілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру