Қызылордада жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған түзеу мекемесіне жіберілді
Қызылордада жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған түзеу мекемесіне жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылы Байқоңыр қалалық пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған екі сотталушының жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен орындамағаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.Мәселен, Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотында Қызылорда қаласының №2 сотының 19.10.2020 жылғы қаулысымен ҚР ҚК-нің 73-бабының 1 және 2-бөліктері бойынша бас бостандығынан айыру жазасының бір жыл үш ай бес күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, бас бостандығын шектеудің барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленген К. есімді сотталғанның жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған дерегі қаралды.Жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық деп – сотталушының пробация қызметіне хабарламай әкімшілік аумақтан шығуы, өзімен тәрбие жұмысын жүргізу үшін және тіркелуге бірнеше рет келмеуі, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы танылады.
2021 жылдың 26 сәуір күні істі негізі бойынша қарау барысында прокурормен сотталғанның жазасын өзгерту туралы қорытынды берілді. Осыған орай, К. есімді сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Аталған қаулы 2021 жылдың 12 мамырда заңды күшіне енді.