Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте мемлекеттік бағдарламаның атын жамылып ақша тапқан алаяқ ұсталды

Шымкентте мемлекеттік бағдарламаның атын жамылып ақша тапқан алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 11 мамыр күні Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы ПБ-на жергілікті тұрғын өзге азаматша оның сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен шамамен 1,5 млн. теңге ақшасын алып, қайтармай жүргені туралы арызданған.

Полиция қызметкерлері аталған жайт бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Белгілі болғандай, азаматша жәбірленушінің сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама бойынша 5 500 000 теңгені алуға көмектесемін деп алаяқтық жолмен жәбірленушінің 1,5 млн. теңге ақшасын алған.

Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шарасын жүргізу барысында азаматшаның мекен-жайын анықтап, ұстады. Аталған жайтқа қатысты полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі бойынша азаматшаның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру