Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазасын өтеуден жалтарған азамат темір торға тоғытылды

Байқоңырда қоғамдық жұмыстардан жалтарған сотталған азаматтың жазасы бас бостандығынан айыру жазасына өзгертілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан қолға алынған ізгілендіру саясаты нәтижесінде елімізде қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына сотталған азаматтардың саны артты.

Қоғамдық жұмыстарға тарту – жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау болып табылады.

Қоғамдық жұмыстарды орындамау – жаза өтеу тәртібін қасақана бұзу деп танылып, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуға жатады.

Биылғы жылы Байқоңыр қалалық пробация қызметі қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына сотталған 15 сотталған  адамды есепке алып, жаза өтеу тәртібін орындамағаны үшін бір  сотталған адамның жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс әзірледі.

Мәселен, Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотында аталған соттың 2020 жылғы 15 қыркүйектегі үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі  (Ұрлық) бойынша 200  сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған сотталған азаматтың қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару дерегі қаралды.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтару деп – сотталушының қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындауға кірісуден бас тартқан не қоғамдық жұмыстарды орындауға кедергі келтіретін, құжаттамамен расталған ауруы және басқа да себептерге жататын дәлелді себептерсіз қоғамдық жұмыстарға бір ай ішінде екі реттен көп келмеуі танылады.

Істі қарау барысында прокурор  сотталушының жазасын өзгерту туралы қорытынды берді.

Осыған орай сотталған азаматтың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің  мекемелерінде өтеу белгіленді.

Сотпен тағайындалған қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын орындау және жаза өтеу шарттарын сақтау сотталған әрбір азаматтың міндеті болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру