Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер «Қарасора-2020» іс-шарасын қорытындылады

Қарағанды облысының полицейлері «Қарасора-2020» жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 1 маусым – 30 қазан аралығында республика аумағында кең ауқымды «Қарасора-2020» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

– «Қарасора-2020» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Қарағанды облысының полицейлері 219 есірткі қылмысын анықтады. Заңсыз айналымынан төрт тоннадан астам түрлі есірткі алынды, оның ішінде жеті келіден астамы синтетикалық есірткілер болып табылады. Мәселен, тамыз айында Қарағанды қаласында жалпы салмағы 23 келі гашишпен оңтүстіктің тұрғыны ұсталды, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру