Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазасын өтеушілер арасында спорттан жарыс өтті

Мекемеде жазасын өтеуші сотталғандардың отбасылары арасында «Әкем, анам және мен» атты жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінің әкімшілігі мекемеде жазасын өтеуші сотталғандардың отбасыларының арасында «Әкем, анам және мен » атты спорттық сайыс өткізді.  Жарысқа мекеменің осы мекемеде жазасын өтеуші 3 азаматтың отбасы қатысты. Олар «Саркуловтар отбасы», «Хаджиметовтер отбасы», «Жолдыбаевтар отбасы»  қатысты.  Спорттық шараны  мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Ералив Думан Мақсұтұлы ашып, отбасының оң имиджін насихаттау арқылыөзара  қарым- қатынасын нығайту мақсатында осындай  шараларды жиі өткізіп тұру қажет деп, қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі.  Жарыс 4 кезеңнен тұрды.  1 кезең бойынша қатысушы командалар кедергілерді айнала белгіленген жерге жүгіре жетіп, кейін қарай қайта жүгіріп келіп эстафеталық таяқты келесі қатысушыға беру қажет. 1 кезең бойынша «Жолдыбаевтар отбасы» уақыт көрсеткішімен алға шықты. Жарысқа қатысушы отбасылардың балалары үлкен дайындықпен келгендіктерін көрсетті.  Жарыс кезінде балалары  ата-аналарынан қалыспай, жеңіске деген құлшыныстарын білдіріп отырды.  Доппен кеглдерді ұрып құлату кезеңі бойынша «Саркуловтар отбасы» алға шықты. Қызықты өткен 3 кезеңде отбасы мүшелері қаз жүріспен, поезд тәріздес жүріп бағанға жету болатын. Бұл кезеңде уақытты тиімді пайдаланып «Хаджиметовтер отбасы» алға шықты.  4 кезең ұлттық ойын арқан тартыс бойынша «Жолдыбаевтар отбасы» күштерінің мығымдылығымен алға шықты.

Тартысты да қызықты өткен спорттық шараға Қызылорда облыстық прокуратурасы үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасының прокуроры Ұзақов Фараби Ұзақұлы, ҚАЖ департаменті Сотталғандар арасында әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бойынша тобының бас маманы әділет подполковнигі Сейдахметов Серік Асылбекұлы, департаменттің мемлекеттік тілде аудармашысы Достанова Данагүл Жеңісқызы және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары  қазылық етті. Қазылар алқасының шешімімен І орынды «Жолдыбаевтар отбасы», ІІ орынды «Саркуловтар отбасы», ІІІ орынды «Хаджиметовтаротбасы» жеңіп алды. Жеңімпаз отбасылар мекеме бастығының дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарысқа қатысқан  отбасы мүшелері, оның ішінде балалары   өздерінің бойларындағы спортқа деген қызығушылығын көрсете біліп, отбасы бірлігін, ұйымшылдық, жауапкершілік сезімдерін тағы бір сыннан өткізіп, одан әрі жанұя бірлігін нығайтқандай әсерде болды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру