Жазасын өтеушілер арасында жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды
Бүгін сотталған азаматтарға жаңа жылдық мерекелік кешті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің әкімшілігі ұйымдастырды,- деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Шараға ұзақ мерзім кездесуге келген 9 сотталғанның туған-туыстары, балалары қатысты. Мерекелік кешті мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі С.Е.Тохтамысов ашып, жаңа жыл мерекесінің мәні мен маңыздылығына тоқталып, жылы лебізін жеткізді.
Мерекелік кештің сәні Аяз ата мен Ақшақар келіп, бар өнерін салып ән айтып, би билеген жазасын өтеуші азаматтардың балаларына тәтті сыйлықтар таратты.
«Бүгінгі мекеме әкімшілігінің ұйымдастырған Жаңа жылдық кешіне менің жұбайым,балаларым келді. Балаларым өлең айтып, би билеп мәре- сәре боп жатырмыз.
Отбасымызбен қарым – қатынасты нығайту тұрғысында мекеме әкімшілігі «Ашық есік» күндерін де өткізеді. Отбасымызды жиі көргіміз келеді, балаларымызды сағынамыз, ойланбай жасаған қателегімізге өкінеміз, тезірек бостандыққа шығып, отбасымен бірге отырғанға ештеңе жетпейді екен.
Мекеме әкімшілігіне алғыс айтып, ризашылығымызды білдіреміз»,- деді Б. есімді жазасын өтеуші азамат