Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жедел әрекет етуге 3 минут: Петропавл мектептерінің бірінде кенеттен дабыл түймесі іске қосылды

Петропавл мектептерінің бірінде кенеттен дабыл түймесі іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Турникеттер мен бейнекамералар, дабыл түймелері және күзетшілер — бүгінгі таңда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кешенді шаралар қабылдауды қажет етеді. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің құрамындағы күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлерінің жеке күзет құрылымдары қызметкерлерімен бірлесіп өткізген оқу-жаттығуының сценарийі бойынша мектеп ішіне мас адам кірген. Бұл оқу-жаттығу сабағы №21 мектепте өткізілді.

Сценарий бойынша мас күйдегі қала тұрғыны білім ошағындағы күзетшілердің кету туралы талабын елемей, ішке кірмек болған.

Дабыл түймесі басылғаннан кейін күзет ұйымының жедел әрекет ету тобы оқиға орнына 3 минут ішінде жетті. Арнайы құрылғылармен жарақталған жедел әрекет ету тобы ер адамды ұстады. Бір минуттан соң оқиға орнына полиция жасағы да келді. Оқу-жаттығуға қатысушылардың іс-әрекеттеріне оң баға берілді.

– Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің басшылығы білім беру нысандарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде. Бөлім қызметкерлері мүдделі ведомстволармен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізуде. Күзетілетін білім беру объектілерінде түрлі оқиғалар туындаған жағдайда күзет қызметкерлерінің, сондай-ақ полицияның кешенді күштерінің іс-қимылдарын пысықтау бойынша оқу-жаттығу сабақтары үнемі өткізіліп тұрады. Анықталған кемшіліктерге талдау жасалып, оларды жою бойынша шаралар қабылданады. Бүгінгі таңда облыс орталығының барлық мектептері күзет құрылымдарының қызметкерлерімен қамтамасыз етілген. Балалардың қауіпсіздігі – полиция жұмысындағы басым бағыттардың бірі, – дейді СҚО ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Руслан Даньяров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру