Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеке уақытына қарамастан және тәжірибеге сүйене отырып: Алматыда жедел уәкіл ауыр қылмыстарды ашты

Алматыда жедел уәкіл ауыр қылмыстарды ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының тұрғыны Константин Скоробогатов  Әуезов аудандық ПБ-ның жедел уәкілі Аяужан Жайбергенге ризашылығын білдірді.

– Қыз бейнесіндегі жедел уәкіл, офицер үлкен және тиімді жұмыс жасады, бірнеше ауыр қылмыстардың бетін ашты және мүмкін, ауыр қылмыстың жолын кесті. Атап айтқанда, менің арызым бойынша, үш күн ішінде қыз-полиция қызметкері адам ұрлау мен алаяқтық фактілері бойынша толық және уақытылы нәтиже берді. Көрсетілген кәсіпқойлық, жұмыс тәжірибесі және оларды іс жүзінде қолдана білу Аяужан Жайбергенге күдіктінің және күштеп ұстап отырған жәбірленушінің жеке басын, тұрған жерін анықтауға мүмкіндік берді. Менің өтінішім назарға алынып, жедел уәкіл Жайберген тиісті көтермеленеді деп сенемін. Өз міндеттерін кәсіби және адал орындауы полиция майоры Жайберген Аяужан Шынжырбекқызына және жалпы ішкі істер органдарына деген құрметті тудырады, – деді Константин Скоробогатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру