Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз-жол”: Ақмолада 10 мыңнан астам ЖКЕ бұзу оқиғасы анықталды

Ақмолада 10 мыңнан астам ЖКЕ бұзу оқиғасы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ ағымдағы жылғы 17 мамыр мен 16 маусым аралығында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында Ақмола облысының аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері ЖКО өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған көшелерде, жолдың жүру бөлігінде және іргелес аумақтарда рейдтік іс-шаралар өткізеді.

“Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізудің 18 күнінде 10 510 жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасы анықталды.

Көлік құралдарын мас күйінде жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша 126 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басқару құқығынан айырылған адамдардың КҚ басқарудың 56 фактісі, басқару құқығы жоқ адамдардың КҚ басқарудың 149 фактісі анықталды. 1 054 жүргізуші жылдамдық режимін бұзды. 1 467 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін, 74 жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткені үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ маневр жасау ережелерін бұзудың 300 фактісі анықталды. Жаяу жүргіншілер 4 807 бұзушылыққа жол берген. 67 адам өз көліктерін заңсыз қайта жабдықтады. Жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 23 фактісі анықталды. 29 жүргізуші авариялық жағдай туғызғаны үшін, 106 – жаяу жүргіншілерге артықшылық бермегені үшін, үш адам қарсы жолаққа шыққаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері 900 шақырымнан астам авариялық-қауіпті учаскелерді зерттеп, қосымша 223 жол белгісін қойды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері шет мемлекеттерде (РФ, Армения, Қырғызстан) тіркелген 2 096 бірлік көлік құралын тексерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру