Желіде жаппай төбелестің видеосы таралды: полиция жауап берді
Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полиция әртүрлі жастағы жастар қатысқан жаппай төбелестің видеосына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бейне материалды зерттеу нәтижесінде оқиға 2013 жылғы Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орын алғандығы анықталды.
Дәл осындай бейнелер бірнеше рет әлеуметтік желілерде жарияланды. Зардап шеккендер жоқ және полицияға қоңырау түспеген. Сала қызметкерлері 2018 жылы осындай фактінің алдын алып, 31 адам бұзақылық үшін жауапқа тартылды.
Полиция әрдайым интернет кеңістігін қадағалап отырады, аймақтарда тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар тиісті тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданады.