Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да «Гарант 24 Ломбард» қаржы пирамидасына қатысты шаралар жүргізіліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында қаржы пирамидасына қатысты шаралар жүргізілуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 21 ақпаны күні Батыс Қазақстан облысының 29
тұрғыны Полиция департаментіне «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-ға қатысты
шара қолдану туралы өтінішпен жүгінді. Арыздар бойынша келтірілген
шығындар анықталуда.
Облыс тұрғындары шамамен 5 миллиард теңгеден астам ақша салған.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы ЖШС-
ның өңірлік филиалының директоры 1980 жылы туған Батыс Қазақстан
облысының тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде келісім-шарттар және басқа да
құжаттар табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар облысымыздың екі тұрғыны Полиция департаментіне
«ESTATE ломбард» ұйымына қатысты шара қолдану туралы өтінішпен
жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде «ESTATE
ломбард» өңірлік директоры ұсталды.
БҚО тұрғындары шамамен 800 миллион теңгеден астам ақша салған.
Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігімен
(Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру