Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жер алып беремін” деп алаяқтық жасаған түркістандық ұсталды

“Жер алып беремін” деп алаяқтық жасаған түркістандық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ескі танысы 2019 жылдың шілде айында “Таныстарым бар, 10 соттық жер алып, заңдастырып беремін” деп әбден сендіріп, алаяқтық жолмен 200 000 теңгесін жымқырғанын хабарлады. Алайда арадан бір жылдан астам уақыт өтсе де не жерін ала алмаған, не ақшасын қайтармаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері АПБ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. 

Қалалық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәлардан жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ол Полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған ер адам жергілікті тұрғын болып шықты.

Сондай-ақ түркістандық полицейлер алаяқтық жолмен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергенін анықтады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру