Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық тұрғындар жер қойнауын заңсыз пайдаланып келген

Түркістан облысының полицейлері жер қойнауын өз бетімен пайдаланудың кезекті фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық  іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен Жетісай АПБ-нің табиғатты қорғау инспекциясы бірлесе отырып, рейд барысында Сырдария өзенінің жағасынан көк шөп тамырларымен біріккен шымды кірпіш түрінде ойып алып, заңсыз өндірген жергілікті тұрғындарды ұстады.

Тәртіп сақшылары тәртіп бұзушылардан шым тиелген екі жүк көлігін тәркілеп, заңды шешім қабылданғанға дейін айыптұрағына қойды. Қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалау үшін жиналған материалдар экология департаментіне жіберілді.  «Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық  іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері ҚР ҚК 334-бабы «Жер қойнауын өз бетімен пайдалану» бойынша бір экологиялық қылмыс және 1627 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Тәртіп бұзушыларға үш миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды.

Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, аталған бағыттағы рейдтік іс-шаралар жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру