Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жер телімінің құжаттарын рәсімдеп беремін»: шымкенттік тұрғын алаяққа алданды

Шымкентте тұрғынды 170 мың теңгеге алдап кеткен алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында бейтаныс азамат алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, жер телімінің құжаттарын рәсімдеп беремін деп 170 000 теңге ақшасын иемденіп, қайтармай жүргенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлінімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны анықталып, тергеу амалдарын жүргізу үшін басқармаға жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру