Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының екі тұрғынынан бірнеше келі киік еті табылды

Байғанин ауданының екі тұрғынынан бірнеше келі киік еті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін полицейлер браконьерлік қызмет және су биоресурстарын қорғау бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Мысалы, ағымдағы жылдың 18 қазанында полиция қызметкерлері Байғанин ауданының екі тұрғынынан бірнеше келі киік етін тапты.

Бірінші жағдайда, полиция қызметкерлері Байғанин ауданының Жарқамыс ауылының 53 жастағы тұрғынының үйінен бес келі киік еті мен тіркеу нөмірінсіз “Урал” маркалы мотоциклін тауып, тәркіледі.

Полицейлер ер адам мотоциклімен жүріп, браконьерлікпен айналысқан деп болжайды.

Екінші жағдайда, Қаражар ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінің 43 жастағы басшысының қыстағынан бір бас, төрт тұяқ және 10 келі киік еті тәркіленді. Бұдан басқа, тіркелмеген қару, 42 патрон және 62 гильза табылды. Аталған фактілер негізінде “Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану” ҚР ҚК 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті аңшылық пен балық аулауға қызығатын адамдарға жүгінеді. Біз өзіміздің бай табиғатымызды балаларымыз бен немерелерімізге табыстауымыз керек.
Заңды мүлтіксіз сақтау және табиғи қорларға ұқыпты қарау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру